×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстандық ер азаматтар қай салада еңбек етіп жүр?

07.05.2024, 00:30
Қазақстандық ер азаматтар қай салада еңбек етіп жүр?
Әлеуметтік желіден

Ұлттық статистика бюросы қазақстандық ер азаматтардың қай салаларда еңбек ететінін жазды деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

2023 жылдың қорытындысы бойынша  жұмыспен қамтылған ерлер саны 4 711,7 мың адамды құрады.

  • қалалық жерлерде – 2 831,4 мың
  • ауылдық жерлерде-1 880,3 мың.   

Ер азаматтардың басым көпшілігі, дәлірек 777,5 мың адам  өнеркәсіп секторында жұмыс істейді. Одан кейін 653,2 мың ер адам  көтерме және бөлшек саудада. Ал 637,1 мың ер азамат еңбек ететін  ауыл шаруашылығы саласы үшінші орында.  

Құрылыста 520 мың ер адам еңбек етеді. Көлік пен қоймада 513,1 мың ер азамат жұмыс істеп жүр. Мемлекеттік басқару және қорғаныста 335,1 мың ер адам бар екен. 

Басқа салаларда:

  • білім беру — 310,9 мың адам
  • денсаулық сақтау — 160,8 мың адам
  • әкімшілік және көмекші қызмет көрсету — 159 мың адам
  • кәсіптік, ғылыми-техникалық қызмет көрсету — 126,4 мың адам
  • ақпарат және байланыс-109,2 мың адам
  • қаржы және сақтандыру-84 мың адам
  • уақытша тұру және тамақтану — 72,3 мың адам
  • жылжымайтын мүлік — 68,7 мың адам
  • өнер және ойын-сауық-59,4 мың адам
  • Сондай — ақ басқа да қызметтерде 124,3 мың ер азамат еңбек етеді.  

 35-44 жас аралығындағы негізгі жұмыспен қамтылған ерлердің  үлесі (1,2 млн) — 51,7 мың ер адамның қосымша жұмысы бар.