×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тәжікстан билігі азаматтарына Қазақстан әуежайларында тексеру күшейетінін ескертті

07.05.2024, 13:29
Тәжікстан билігі азаматтарына Қазақстан әуежайларында тексеру күшейетінін ескертті
Фото: Ашық дереккөзден

Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі Қазақстан әуежайларында тексеру күшейетінін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

– Сапардың мақсаты мен мерзіміне, тұрғылықты жеріне, Қазақстанда таныстарының немесе туыстарының болуына байланысты сұрақтарға жауап беруге дайын болу керек. Қажет болған жағдайда олардың тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондарын ұсыну қажет, - деп хабарлады Тәжікстан СІМ.

Мәскеудегі теракт

Тәжікстан азаматтарына дейін күшейтілген назар Мәскеудегі теракттан кейін пайда болды. Естеріңізге сала кетейік, биыл 22 наурыз күні кешке Мәскеудегі Крокус-Ситиде теракт болды. Белгісіз біреулер концерт залына кіре берістегі күзетшілерге оқ жаудырған. Содан кейін олар фойедегі көрермендерді атты. Қаза тапқандар саны жүзден асып кетті. Бұл лаңкестік оқиға ТМД елдеріндегі соңғы жылдардағы ең ірі терактілердің бірі болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда Ресейдің құқық қорғау органдарына көмек көрсететінін айтты.