×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Бесінші мерзім: Кремльде Путинді ұлықтау рәсімі өтті

07.05.2024, 14:30
Скриншот

Мәскеудегі Үлкен Кремль сарайында Владимир Путиннің Ресей президентінің инаугурациясы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Путиннің инаугурациясы

Бұл - Владимир Путиннің 2000 жылдан бергі бесінші инаугурациясы. Ол бұл жолы да "азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын” қорғауға ант берді. Осылайша Путин президент қызметіне кірісті.

Рәсімге Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин, Қорғаныс министрі Сергей Шойгу, Мәскеу мэрі Сергей Собянин, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров және басқа да ресейлік шенеуніктер мен аймақ басшылары келді.

Бірнеше елдердің, соның ішінде Ұлыбритания мен Еуропалық Одақ мемлекеттерінің дипломаттары рәсімге қатысудан бас тартты. 

Кремль аумағы келушілер үшін жабық, оған тек шақыру бойынша кіре алады.

Ресей президентіің сайлауы

Ресей президентінің сайлауы 15-17 наурыз аралығында өтті. Ресей Федерациясының ОСК мәліметтері бойынша Путин сайлауда 87,28% дауыс жинады.

Еуропарламент "Ресейдегі президенттік сайлау деп аталатындардың” заңсыздығы туралы қаулы қабылдады.

Серіктес жаңалықтары