×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстан Ресей заңдарын бұзған Өзбекстан азаматтарын елге жібермейді

09.05.2024, 10:20
Қазақстан Ресей заңдарын бұзған Өзбекстан азаматтарын елге жібермейді
RFE/RL

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Қазақстанға баруды жоспарлап отырған азаматтарға үндеу таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өзбекстан СІМ не дейді

Қазақстанға кіру ережелеріндегі жаңалықтарға байланысты Өзбекстан мемлекетінің сыртқы істер ведомствосы кіретін/шығатын Өзбекстан азаматтарына өзімен бірге барлық қажетті құжаттарды алып жүру керектігін ескертеді.

– Өзбекстан-Қазақстан немесе Ресей-Қазақстан шекарасынан өткен кезде Қазақстанға ғана емес, Ресейге де кіруге кедергілердің жоқтығына алдын ала көз жеткізу керек, өйткені әкімшілік және қылмыстық істер бойынша шешімдерді өзара тану және орындау туралы Ресей-Қазақстан екіжақты келісімдеріне сәйкес қазақстандық құзыретті органдар көші-қон заңбұзушылықтарының бар-жоғын тексереді. Ресейдің басқа заңнамасы немесе төленбеген айыппұлдарға дейін зерделенеді, - делінген хабарламада.

Ресейде болған кезеңде тіркелген заңбұзушылық немесе төленбеген айыппұл анықталған жағдайда, Қазақстан билігі Өзбекстан азаматының Қазақстанға кіруіне немесе одан шығуына жол бермеу туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанда Ресейден кейін Орталық Азия елдерінен келген мигранттарды тексеру, ұстау және депортациялау күшейтілгені хабарланған болатын.

7 мамырда Тәжікстан СІМ азаматтарды Қазақстан әуежайларында тексеру күшейетінін ескертті.

Ресейдегі Орталық Азиядан келген мигранттар жайы

Тәжікстаннан келгендерді айыптаған Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холл" концерт залындағы шабуылдан кейін Ресей қалаларында шетелдіктерге, оның ішінде ортаазиялықтарға қарсы жаппай тексерулер жүргізіле бастады.

Тәжікстанның еңбек министрлігі Ресейде "тұрмыстық деңгейде" қысымға ұшыраған еңбек мигранттарының еліне оралуына мәжбүр екенін хабарлайды.