×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

«Көп ақшаның дәмін таттық»: Олжас Абай Қайрат Нұртаспен араласпай кеткенін айтты

10.05.2024, 12:18
Фото: Instagram/ochooou_official

Әнші, актер Олжас Абай «The DS' Show» бағдарламасына берген сұхбатында Қайрат Нұртаспен араласпай кеткенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол Қайратпен таныспай тұрып өнерін бағалағанын жеткізді. 

Қайрат әлі де досым. Қайратмен таныспай тұрып та өнерін қатты бағалайтынмын. Кейіннен бірге жүрдік, дос болдық. «Тау адам» әнін жарыққа шығардық. Тағы біраз туындыларымыз болған. Мен өзім кино саласынан болғаннан кейін бір-бірімізден үзіліс жасадық. Қазір дуэт айтпаймыз. Бағытымыз екі түрлі болғасын да араласпаймыз. Эстрада жанры мені көптеген құбылысқа алып келді, - деді актер.

Әншінің айтуынша, тойларға шыққанда тәртіп бұзылады. 

Өзіме кино жанры ұнайды. Әншілікте жүріп, көп ақшаның дәмін таттық. Тез ақша келу, кету деген сияқты жайттар болды. Ал кинода тәртіп керек. Сол себепті екеуміз сәл екі жаққа ыдырадық. Маған кино саласы көбірек ұнайды. Бірақ әншілік те маған жақын. Әншілік түнде ұйықтатпайды. Тойларға шығасың, тәртіп бұзылады, - деп жан сырын ақтарды өнер иесі. 

Серіктес жаңалықтары