×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Грета Тунберг Eurovision сайысында Израильге бойкот жариялауға шақырды

11.05.2024, 09:59
ашық дереккөзден

Швед экологиялық белсендісі Грета Тунберг Израильдің Eurovision сайысына қатысуына наразылық ретінде Мальме қаласында өткен митингке қатысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Наразылық акциясында қатысушылар " Геноцидке жол жоқ!" және "Израиль кет!" деп ұрандады. Палестина туын алып шықты.

Кейбір наразылық білдірушілер Израильдің қатысуына да, байқаудың өзін де өткізуге қарсы шықты. 21 жастағы Грета Тунберг басына орамал тағып шықты. 

Естеріңізге салсақ, Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторында Израильдің жалғасып келе жатқан шабуылдары салдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 34 012-ге жеткенін хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары