Санкт-Петербургтегі өзенге құлаған автобус тиесілі ЖШҚ бастығын тергеу кезінде оның автобус жүргізушіне бірнеше күн қатарынан демалыс бермей жұмысқа шығарғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Санкт-Петербург көпірінен құлаған автобуспен адамдарды тасымалдаған "Такси" ЖШҚ автоколоннасының жетекшісі оқиға болған күні ұсталған еді. Тергеу мәліметтері бойынша, өзенге құлаған автобустың жүргізушісіне рейске шықпас бұрын демалуға уақыт берілмегені белгілі болды.
"Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес аталған адамға Еңбек және көлік тәртібінің, оның ішінде "Такси"ЖШҚ-да еңбек қызметін жүзеге асыратын жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің сақталуын бақылау міндеттері жүктелді. Тергеу мәліметтері бойынша, өзенге құлаған автобустың жүргізушісі бірнеше күн бойы қажетті демалыс уақытымен қамтамасыз етілмеген. Ұсталған адамға бұлтартпау шарасын сайлау және айып тағу мәселесі шешілуде", - делінген хабарламада
Автобус апаты
10 мамыр күні Санкт-Пететрбургте автобус көпірден құлап, жеті адам көз жұмды. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, автобус қала орталығындағы өзенге құлаған. Тергеу комитеті жүргізуші автобустан алғашқылардың бірі болып шыққанын хабарлады. Ол ұсталған.
Ресей тергеу комитетінің ресми мәліметінше, қылмыстық кодекстің 238-бабының 3-бөлігі (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған қызмет) бойынша қозғалған. Полиция сондай-ақ, қылмыстық кодекстің 264-бабының 5-бөлігі бойынша (екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соқтырған көлік құралын жүргізу ережелерін бұзу) істі тергеп жатыр. Көлік комитеті автобусқа иелік еткен компанияға кешенді тексеру жүргізбек.
Апат болған кезде салонда 20-ға жуық адам болған. БАҚ-та олардың кейбіреулері өз бетінше жағаға шыққаны, тоғыз адамды құтқарушылардың алып шыққаны хабарланады.
Ал солған апатқа ұшыраған автобусқа көмекке ұмтылған қазақ азаматы екенін жазған едік.
Ресейдегі Фонтанка.ру басылымына сұхбат берген Ерхан Ахановтың айтуынша, 10 мамырда түстен кейін өзенге автобустың батып бара жатқан кезінде жұмысынан кетіп бара жатқан.Әуелі Ерхан суға секірмек болады. Алайда қалған адамдар секірген кісінің өзі де опат болуы мүмкін екенін ескерткен. Осыдан кейін Аханов көлікке жүгіріп барып, тросын шығарып, қоршауға байлаған. Алдымен, суға бір дағыстандық, артынша Ерханның өзі түскен.
– Жігіттер люкті ашып, әйелді шығара бастады, мен оған алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жүрек массажын жасай бастадым. Ол су құса бастады. Тұншығып қалған екен. Жігіттердің тағы бірі көмектесті, жасанды тыныс ала бастады, - деді ол.
Осыдан кейін ел ішінен жүгірген құтқарушылар екінші жолаушыға да жан-жақты көмек көрсете бастаған. Бірақ олар енді ешкімді люктен шығара алмаған, өйткені су басқан салонға арқансыз түсу қауіпті болған, ал әйнекті сындыра қоятын зат табылмаған.