×
$
446.56
512.34
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
446.56
512.34
5.3

Үшінші алтын: каратэші Жоламан Биғабыл Азия ойындарында топ жарды

Бүгін, 13:41
Үшінші алтын: каратэші Жоламан Биғабыл Азия ойындарында топ жарды
Арлан Олжабай

Қазақстандық каратэші Жоламан Биғабыл Жапонияның Аичи - Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Биғабыл каратэнің кумитэ сайысында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік шықты.

Финалда қазақстандық спортшы Өзбекстан өкілі Х. Халимовпен кездесті.

Шешуші жекпе-жекте Жоламан Биғабыл қарсыласынан айқын басым түсіп, 9:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол Азия ойындарының чемпионы атанды.

Бұл - Қазақстан құрамасының бір күнде жеңіп алған үшінші алтын медалі.

Мән-жай

Азия ойындары немесе Азиада - Азия Олимпиадалық кеңесінің ұйымдастыруымен төрт жылда бір рет өтетін құрлықтағы ең ірі мультиспорттық жарыс.

Алғашқы Азия ойындары 1951 жылы Нью-Делиде өткен.

2026 жылғы ХХ жазғы Азия ойындары Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтіп жатыр.

Жарысқа Азияның 45 елі мен өңірінен спортшылар қатысады. Бағдарламаға 43 спорт түрі еніп, 469 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.

Еске салайық, бұған дейін велошабандоз Рината Сұлтанова жекелей жарыста алтын медаль жеңіп алған еді. Одан кейін Алексей Луценко да ел қоржынына алтын жүлде салды.