×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматының сейсмикалық станциялары жер сілкінісі болғанын хабарлады

12.05.2024, 12:35
Алматының сейсмикалық станциялары жер сілкінісі болғанын хабарлады
Фото: bigox.kz

Жер дүмпуі Алматыдан 597 шақырым қашықтықтағы  Қытай аумағында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жер асты дүмпулері 12 мамырда, Алматы уақыты бойынша таңғы 10:52-де тіркелді. 

"ҚР ТЖМ 2024 жылғы 12 мамырда Алматы уақытымен сағат 10: 52 мин 55 сек" сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер Ұлттық ғылыми орталығының" сейсмикалық станциялар желісімен жер сілкінісі тіркелді", - делінген"Алматы" ССО кезекші операторының жедел хабарламасында. 

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 597 км жерде Қытай аумағында орналасқан. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.8. MPV магнитудасы 4.4. 

Эпицентрдің координаттары 41.34° С. Е. 83.68° Ш. Б. тереңдігі 5 км. 

Қазақстан аумағында жер сілкісіні сезілмеді.  

Алматыдағы жер сілкінісі

Еске салсақ, Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 40-тан астам адам жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты. 

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді.

Жер сілкінісінен кейін мектептер мен ауруханалардың қабырғасынан жарықшақтар анықталған.

Құтқарушылар жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды. Олар не дейді:

  • Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;
  • Жер сілкінген кезде лифтті пайдаланбаңыз;
  • Жиһаздардан, терезелерден, люстралардан алыс жүріңіз;
  • Сенімді, берік орын табыңыз: егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз;
  • Үй-жайдан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – дүмпу тоқтағаннан кейін);
  • Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
  • Алдын ала дайындалған шұғыл сөмкені алыңыз;
  • Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
  • Балаларға, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсетіңіз.