×
474.83
515.38
5.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.83
515.38
5.5

Банкте несиесін төлей алмағандарға Отбасы банк ипотека бере ме

13.05.2024, 14:44
Коллаж: ulysmedia.kz.

Екінші деңгейлі банктерден алған несиесін өтей алмаған қазақстандықтарға жеңіл ипотекалық несие алуға мүмкіндік беріле ме? Отбасы банк басшысы Ләззат Ибрагимова бүгін осы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тағы да оқыңыздар

Журналистер брифинг барысында несиесін төлей алмай, "қара тізімге" енген азаматтар ипотека ала ала ма деп сұрады.

Ибрагимова оң шешім алу мүмкіндігі қарыз алушының проблемалық төлемді өтеу уақытына байланысты екенін айтты.

– Біздің банкте төлем қабілеттілігін бағалауды скоринг модель жасайды. Ең бастысы, өтініш берген сәтте, төлем қабілеттілігі бағаланған күні оның басқа банктерде мерзімі өткен несиелері болмауы керек.

Біздің тәжірибеміз мынаны көрсетті: егер адам мерзімі өткен несиені желтоқсан айында өтеген болса, онда келесі жылы сәуір айында оған ипотеканы беру жөнінде оң шешім қабылдану ықтималдылығы жоғары. Несиені ертерек өтеген сайын ипотекаға өтініш берушілерге соғұрлым көп ұпай беріледі, – деді ол.

Отбасы банк басшысы шешім мерзімі өткен несие сомасына да байланысты екенін айтты.

– Егер адам несиені жұмада төлеп, дүйсенбіде келсе, онда мүмкіндік аз, бірақ бәрі әлі де кешіктірілген сомаға байланысты. Банктегі өтемеген қалдық 20 мың теңге ғана, ал кейбіреуде 2,5 миллион теңге болуы мүмкін. Мұның бәрін модель өзі есептейді, - деп қосты спикер.

Ибрагимова қазақстандықтардан мемлекеттік жеңілдікті бағдарламаларға қатыспас бұрын проблемалық қарыздарын алдын ала өтеуді сұрады.

– Азаматтың өз табысы есептеліп, басқа банктегі несиелері қаралып, есептелетінін ескеру ерек. Несиелік тәртіп түпкілікті шешімге де әсер етеді, - деп атап өтті ол.

Еске салсақ, Қазақстанда 7 пайыздық жаңа ипотекалық бағдарламаны бастауға дайындық жүріп жатқанын, ол биыл  мамырдың басында іске қосылатынын жазған едік. 

Бірінші жылы жаңа бағдарлама есебінен қосымша 12 мың мұқтаж отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 

Жалпы биыл рекордтық 18 млн шаршы метр тұрғын үй салынады, бұл сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бұл бұрынғы жоспарланған жылдық көрсеткіштен 2,5 млн шаршы метрге артық. 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жаңа ипотекаға қатысты: “Автонесие кезіндегідей 18 секундта өтініш толтыру сияқты оқиғалар қайталанбайды” деген еді.  

Серіктес жаңалықтары