Синоптиктер 14-16 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайды. Болжамға сәйкес еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай мен бұршақ жаууы мүмкін.
Сондай-ақ жел екпіні күшейеді.
14-15 мамырда еліміздің солтүстігі мен орталығында, 15-16 мамырда шығыста, 16 мамырда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деген болжам бар.
16 мамырдан бастап республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашын тоқтайды. Сонымен қатар ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.