×
472.57
508.34
5.4
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.57
508.34
5.4

Маржықпаев легионерлердің жалақысы туралы сұраққа жауап бере алмады

14.05.2024, 13:43
Фото: ortcom.kz

Туризм және спорт минстрі Ермек Маржықпаев Мәжілісте легионерлер туралы заң талқыланып жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстанда қанша спорт түрінен неше легионер бар? Олар қай мемлекеттерден келді? Жалақысы қанша?» деп сұрады тілшілер министрден Үкіметтегі брифингте.

Мұндай алгоритм әлемде бар. Әрине, үйрену, тәжірибемен бөлісу керек. Біз Мәжілісте легионерлер туралы заңды талқылап жатырмыз. Бұл мәселе осы үш айдың ішінде шешіледі. 2018 жылы елімізде 600-ден астам легионер болса, қазір 200-ден астамы бар. Жалақыларының қанша екенін айта алмаймын, – деп Ермек Маржықпаев қысқа қайырды.

Серіктес жаңалықтары