×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Бір үміткер дайын: Париж Олимпиадасында Туды кім көтеріп шығады

14.05.2024, 13:20
Коллаж: ulysmedia.kz.

Париж Олимпиадасының ашылу салтанатында Мемлекеттік туды кім көтеріп шығады? Бұл сұрақты Ulysmedia.kz тілшісі Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевқа қойды.

Боксшы – үміткер

– Әлі шешілген жоқ. Бірақ үміткерлер бар. Біріншіден, бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Асланбек Шымбергенов (71 келі). Екіншіден, қыз спортшы бар. Бірақ оның аты әзірге белгісіз. Енді лицензиялық турнирлер бітеді, содан кейін оның атын айтамыз, – деді Маржықпаев.

Журналистер қазіргі жеңіл атлет Надежда Дубовицкаяда болады деген сыбыс бар, сол көтере ме деп сұраған. Маржықпаев “онда әлі лицензия жоқ, егер спортшыда лиценция болса, бұл мәселені қарастырамыз” деді.

Париждегі Олимпиада

XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Париж қаласы 2017 жылдың 13 қыркүйегінде Перудің Лима қаласында өткен ХОК-тің 130-шы сессиясында 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қабылдаушы қаласы болып бірауыздан сайланған.

Айта кету керек, бұрын 1900 және 1924 жылдары Олимпиада ойындарын өткізген Париж Ұлыбритания астанасы Лондоннан (1908, 1948 және 2012) кейін үш рет Олимпиада ойындарын өткізген екінші қала болады.

Сондай-ақ, 2024 жыл Париж-1924 ойындарының жүз жылдығымен, сонымен қатар Франция өткізген алтыншы Олимпиада ойындарымен атап өтіледі.

Серіктес жаңалықтары