×
476.27
515.47
5.41
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.27
515.47
5.41

Айыпталған дипломат: тергеу қандай бап бойынша жүргізіліп жатыр

15.05.2024, 14:27
Коллаж: ulysmedia.kz.

ІІМ деректері бойынша қазіргі уақытта тиісті қажетті сараптама жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха әйелі зорлық жасады деп айыптаған қазақстандық дипломат Сәкен Мамашқа байланысты түсініктеме берді.

Толығырақ

– Азаптау фактісі бойынша іс қозғалды. Оның қазір қайда екенін айта алмаймын. Материалдар сараптамаға жіберілді, сараптама нәтижелері бойынша шешім қабылданады. Әзірге сараптама нәтижелерін қарау керек, жауап алып, сауалнама жүргізу қажет, - деді Лепеха.

Каринаның оқиғасы

Карина Мамаш жақында күйеуі оны 10 жыл бойы физикалық және жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратқанын айтқан еді. Әйелдің айтуынша, бірнеше күн бұрын Сәкен Мамаш оның БАӘ-ге қонаққа келген үлкен әпкесін де ұрып-соққан. Дипломаттың әйелі ауруханада, ал балалары әкесімен бірге болған.

Осы шудан кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дипломат елге қайтарылатынын хабарлады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дипломаттың әйелі Карина Мамашты елге жеткізу мәселесін шешіп, Карина көп өтпей елге оралды.

Астана полициясы Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың үстінен қылмыстық іс қозғады.

Карина Мамаштың айтуынша,  ол өзінен бірнеше жасқа үлкен болған.

“Полиция участогында да маған «күйеуіңіздің жасы сізден әлдеқайда үлкен екен, кезінде ол үшін қысылған жоқсыз ба» деген сұрақ қойды. Бірақ мен сол кезде әке махаббатын іздеген едім. Менің әкем тоғыз жасымда қайтыс болған. Мен спортқа бет бұрып, басында әкем жоқ екен қатты сезбедім. Тек екі айдан кейін барып әкем жоқ екенін түсіндім. Анам алаңдамасын деп жолдасымның ұзақ жылдар бойы ұрып-соққанын айтқан жоқпын,” - дейді ол.

Сұхбат барысында әйел Сәкен Мамаштың туған-туыстары күйеуінің есебінен күнкөретінін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары