×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі шұғыл түрде Қазақстанға шақырылып, тергеледі

Коллаж: ulysmedia.kz.

ҚР СІМ-нің мәліметінше, әйелі ұрып-соқты деп айыптаған БАӘ-дегі Қазақстан елшісі кеңесшісінің ісімен құқық қорғау органдары айналысатын болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі кеңесшісінің әйелінің мәлімдемесіне түсініктеме берді.

Біз бұл қызметкерді Қазақстанға шұғыл түрде қайтарып аламыз. Бұдан әрі оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатын болады, - деді Смадияров.

Не болды

Еске салсақ, Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі әйелі мен оның әпкесін ұрып-соққан.

Бұл туралы «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ішкі істер министрлігінен Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі жасап отырған әрекетке араласып, әйелін күйеуінен қорғауды талап етеміз. Ол әйелі мен оның әпкесін ұрып-соққан, - деп жазды ол.

10 жыл бойы зорлық-зомбылық көрген

Әйел өз видеоүндеуінде күйеуін түрмеге жабуды қалайтынын айтады.

Мен, Мамаш Карина Госманқызы, БАӘ елшісінің кеңесшісі Мамаш  Сәкен Ташкенбайұлының әйелімін. 10 жыл бойы зорлық-зомбылық көріп келемін. Мен жұбайымның маған көрсеткен бүкіл қорлығы үшін дипломат мәртебесінен айырылып, түрмеге жабылғанын қалаймын. Ол маған физикалық, жыныстық, эмоционалды, экономикалық, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетті, - дейді зәбір көрген әйел.

Президентке, ІІМ, СІМ-ге үндеу

Осы орайда Дина Таңсәрі президентке, Ішкі және сыртқы істер министрліктеріне үндеу жасады.

Фото мен видео азаптаудың болғанына дәлел. Президент Тоқаевқа, ІІМ, СІМ-ге ресми үндеу жасаймыз. Зорлықшының үстінен қылмыстық іс ашуды талап етеміз! Видеоға қараңыздар, Мөлдір Қабылова мен Салтанат Нүкенованың тағдыры қайталанып жатыр, - деді қоғам белсендісі.

Серіктес жаңалықтары