×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Астанада департамент директоры мен «Азық-түлік корпорациясының» бас маманы сотталды

16.05.2024, 10:27
Астанада департамент директоры мен «Азық-түлік корпорациясының» бас маманы сотталды
антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, лауазымды тұлғалар пара алды деп айыпталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикордың мәліметі 

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен «Азық-түлік корпорациясы ҰК» АҚ қаржы департаментінің директоры Н.Г. Жұмаділов және бас маманы Г.Ж. Әбенов сотталған. 

Айыбы

Олар кәсіпкерден құжаттарды жинау бойынша бұрын көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ астық түрінде тауарлық несие беру туралы шартқа қол қоюға көмектескені үшін пара алды деген күдікке ілінген.

– Сотталғандарға қатысты сот шешімімен мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жалпы сомасы 48 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды, – делінген хабарламада.

Прокурордың өтініші

Қала прокуратурасы үкімді бас бостандығынан айыру жазасына өзгерту бойынша апелляциялық өтініш енгізді. Заңға сәйкес, айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.