×
479.05
534.57
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.05
534.57
5.17

Қарағандыда полиция көлігі жол апатына ұшырады

16.05.2024, 15:01
Фото: видеодан кадр

Бүгін, 16 мамырда сағат 11.30 шамасында Қарағандыда полиция көлігі жол апатына ұшырап, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қарағанды қаласының 7 магистраль айналма жолында «Лада Веста» қызметтік автокөлігі, «Фотон» және «Шансиман» автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Лада Веста» автокөлігінің жүргізушісі, Қарағанды қаласы ПБ патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады полициядан.

Қазір болған оқиға фактісін полиция тіркеп, тиісті сараптамалар тағайындап жатыр.