×
483.65
540.29
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
483.65
540.29
5.27

Ескі Қазақстан қайта оралды: Ералы Тоғжанов премьердің кеңесшісі болып тағайындалды

16.05.2024, 21:25

Ералы Тоғжанов ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Ералы Тоғжанов 1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының мемлекет және құқық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Орал облысы Октябрь орманшылығының жұмысшысы болып бастаған.

1988-2001 жылдары-Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, Ғылым Академиясының мемлекет және құқық Институтының директоры, факультет деканы, Қазақ мемлекеттік заң университеті филиалының директоры.

2001 жылдан 2006 жылға дейін - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2006-2008 жылдары-Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы.

2008-2017 жылдары-Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.

2017 жылдан 2019 жылға дейін - Маңғыстау облысының әкімі.

2019 жылдан 2020 жылға дейін Кәсіподақтар федерациясының төрағасы қызметін атқарды.

2020 жылғы 11 ақпанда Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылғы 18 қаңтарда Президенттің Жарлығымен осы лауазымға қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда Президенттің Жарлығымен қайтадан премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.

2022 жылдың 31 тамызында Ақтөбе облысының әкімі болды. 2023 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды.

 

Серіктес жаңалықтары