×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Алматыда лифт алдында әйелін тепкілеген күдікті ұсталды

17.05.2024, 15:55
Фото: видеодан кадр

Полиция Алматыда көпқабатты үйлердің біріндегі лифт жанында бұрынғы әйелін аяусыз ұрып-соққан ер адам ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіде Алматыда лифт алдында тұрған екі ер адамның көзінше бұрынғы күйеуі әйелін ұрып-соққан видео тараған еді. Желі қолданушылары оқиға куәгерлерінің үнсіз қарап тұрып, әйелге көмектеспегеніне ашуланған болатын.

Бұл жағдайға Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Ұрып-соғу фактісі бойынша іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Ол міндетті түрде жауапқа тартылады. Сонымен қатар жәбірленуші дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады, – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда лифт алдында әйелін ұрған ер адамның видеосы тараған болатын.

Серіктес жаңалықтары