×
487.73
558.99
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.73
558.99
6.63

Қарағандыда көлікті әдейі өртеген, жалын әйел ұйықтап жатқан киіз үйге жайылған

Бүгін, 17:48
Қарағандыда көлікті әдейі өртеген, жалын әйел ұйықтап жатқан киіз үйге жайылған
видеодан скрин

Қарағандыда Kia K5 көлігін әдейі өртеген, жалын киіз үй мен дүкенге тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

halyqstan телеграм-арнасының жазуынша,  Қарағандыда белгісіз біреу автокөлікті өртеп жіберіп, жалын қайғылы жағдайға әкеле жаздады. От сол маңда әйел ұйықтап жатқан киіз үйге тараған.

Бейнебақылау камералары капюшон киген ер адамның тұрақта тұрған Kia K5 көлігіне жақындап, оған жанғыш сұйықтықпен құйып, өртеп жібергенін тіркеген. Одан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен. Көлік тез арада жанып кеткен. Кейін жалын жақын тұрған киіз үйге, одан соң дүкеннің шатырына тараған.

Киіз үйдің ішінде сол кезде дүкен иесінің қызы ұйықтап жатқан. Ол сыртқа шығып үлгерген. 

«Жеңіл автокөлік “Kia K-5”-тің жанғыш бөлшектерінің жанып кетті, кейін жалын жақын орналасқан киіз үйге және бөлек тұрған бір қабатты азық-түлік дүкені шатырының ағаш қаңқасына 70 шаршы метр аумақта тарады. ТЖД қызметкерлері дүкеннен 3 газ баллонын алып шықты», – дейді Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті .

Тексеру аяқталғаннан кейін материалдар полицияға беріледі. Өрт қойған адамның кім екені әлі анықталған жоқ.

Серіктес жаңалықтары