×
459.75
494.14
5.54
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
459.75
494.14
5.54

Судья, депутат, әкім: Декларацияны кімдер тапсыруға міндетті?

17.05.2024, 20:35
Әлеуметтік желіден

2025 жылдан бастап мемлекеттік саяси қызметшілер өздерінің табыстары туралы декларацияларды ашық көздерде жариялауға міндетті болады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл міндет

Қаржы министрінің сөзінше бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның аясында істелетін әрекет. 

"2025 жылдан бастап мемлекеттік саяси қызметшілердің кірістер туралы декларация бойынша өз деректерін ашу міндеті көзделген. Қалған мемлекеттік қызметшілер бойынша мұндай норма жоқ. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл туралы Заңға сәйкес", - деді Такиев. 

Вице-министр Ержан Біржанов бұл талап барлық мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайтынын атап өтті. Мысалы: президент және парламент спикерлері сияқты ерекше қорғалатын адамдар. 

Табыс туралы декларацияларды адамдардың және олардың жұбайларының мынадай санаттары жариялауға тиіс: 

  • саяси мемлекеттік лауазымдарды атқаратын; 
  • А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын атқаратын; 
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары; 
  • Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл; 
  • судьялар; 
  • квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқару функцияларын орындайтын тұлғалар. 

Жариялануға жататын мәліметтер тізбесін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын болады. Талаптар мемлекеттік құпияларды құрайтын ақпаратқа қолданылмайды.

Серіктес жаңалықтары