×
487.24
529.34
5.02
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.24
529.34
5.02

Fitch агенттігі Қазақстанның несиелік рейтингін растады

18.05.2024, 09:29
Fitch агенттігі Қазақстанның несиелік рейтингін растады
ашық дереккөзден

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның "BBB" деңгейіндегі егеменді кредиттік рейтингін –"Тұрақты" деп растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі факторлардың қатарына елеулі сыртқы буферлер, шетел валютасындағы резервтер, тұрақты фискалдық позиция, мемлекеттік борыштың төмен деңгейі жатады.

"Fitch Ratings сарапшылары валюталық резервтердің одан әрі нығаюын, сондай-ақ импорттың қалыпты өсімі және мұнай өндіру мен экспорт көлемінің ұлғаюы аясында ағымдағы шот тапшылығының қысқаруын болжайды, - деп түсіндірді ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

Fitch пікірінше, бюджет шығыстарының ұлғаюын шектейтін және Қазақстан Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттерді қамтамасыз ететін жаңа фискалдық ережелер салық-бюджет саясатын күшейтуге тиіс.

Сонымен қатар, Fitch қайталама санкциялар салу тәуекелдері мен олардың Қазақстан экономикасына әсері салыстырмалы түрде төмен болып қалатынын атап көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Fitch Ratings Halyk эмитентінің шетел және ұлттық валютадағы дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін растаған болатын.