×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Өзбекстанның қайта сайланған президенті Мирзиеёв қызметіне кірісті

06.11.2021, 14:18
Фото: ашық дереккөз

Өзбекстан президенті болып екінші мерзімге сайланған Шавкат Мирзиёев ел парламентінің қос палатасының бірлескен отырысында ант берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

kommersant.ru-дың мәліметінше, салтанатты шара басталмас бұрын, қазан айында бекітілген президент стандарты мен белгісі алдымен Сенаттың үлкен мәжіліс залына енгізілді.

«Өзбекстан халқына адал қызмет етуге, республиканың Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Өзбекстан Республикасының Президентіне жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», - деді Мирзиеёв.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамходжаев оған жаңа президенттік куәлікті табыс етті.

Серіктес жаңалықтары