×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Қазақстандағы су тасқыны: Астанада тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

20.05.2024, 13:12
Коллаж: Ulysmedia.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, әңгіме Digital Bridge 2024 халықаралық IT форумы туралы болып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Ведомство Digital Bridge 2024 халықаралық форумының тоқтатылатынын мәлімдеді.

Себеп

Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі су тасқынына орай ірі іс-шаралардан бас тарту туралы тапсырмасына байланысты Астанада 5-7 қыркүйекте өтетін Digital Bridge 2024 халықаралық IT форумын өткізуден бас тарту туралы шешім қабылданды, - делінген хабарламада.

Форум

Биыл алтыншы рет өтуі тиіс Digital Bridge 2018 жылы басталып, Орталық Азиядағы IT саласының дамуындағы соңғы трендтер мен перспективаларды талқылайтын ең үлкен алаңға айналды. 2020 жылы форум төтенше жағдайға - жаһандық COVID-19 пандемиясына байланысты да тоқтатылды.

Digital Bridge ұйымдастырушылары – ЦДИАӨМ және Astana Hub халықаралық технопаркі. Қолайлы жағдайларда Digital Bridge халықаралық IT форумы 2025 жылы жұмысын жалғастырады.

Бұған дейін Тоқаев су тасқынына байланысты Астанадағы халықаралық форумды тоқтатқаны хабарланған болатын.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Ал, су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірлердің бірі Құлсары халқы бірнеше рет наразылыққа шыққанын хабарлаған едік. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан алаңға жиналған бір топ азаматты көруге болады. Бейнежазбадан олардың өте көп екендігі байқалады. Бұлар өз талабын айтып шыққан азаматтар. Олардың барлығының баспаналары су тасқыны кезінде жарамсыз болып қалған. 

“Біз сауатсыз емеспіз. Қанағат қылып 400 мыңнан есептеп отырмыз. Соның ісіне сарайы да, қорасы да кіреді,” - деп өз талаптарын жеткізді.  

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құлсары тұрғындарына барып, су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу тәртібін түсіндірді.

Серіктес жаңалықтары