×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Ибраһим Раисидің қазасы: мұнай бағасы күрт өсіп кетті

20.05.2024, 15:04
Коллаж: Ulysmedia.kz

Brent маркалы мұнай бағасы 2024 жылдың мамыр айының басынан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Бренд мұнайының бағасы 41 центке өсіп, барреліне 84,39 долларға жеткені белгілі болды. Бұл – мамыр басынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.

Тағы да не

Сондай-ақ West Texas Intermediate (WTI) мұнайының бағасы мамыр айының басынан бергі ең жоғары деңгейге жетіп, 23 центке көтерілді.

Тікұшақ апаты

Иран президенті Ибрагим Раисиді әкетіп бара жатқан Ми-171 тікұшағы апатқа ұшыраған еді. Tasnim және IRIB басылымдары бортта Иранның сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян да болғанын жазады. Президентпен бірге олар Әзербайжаннан қайтып келе жатқан.

Раиси неден көз жұмды

2024 жылдың 19 мамырында Иран президенті Ибраһим Раиси болған тікұшақ Иран-Әзербайжан шекарасына жақын Верзеган қаласында апатқа ұшырады. Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамы, ізінше әлемдегі барлық БАҚ тікұшақта болған жолаушылардың бәрі, оның ішінде Иран президенті мен елдің сыртқы істер министрі де көз жұмғанын хабарлады.

Ulysmedia.kz тілшісі оқырман назарына Ибраһим Раисидің өмірбаянынан қысқаша шолу жариялаған еді.

Серіктес жаңалықтары