×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Батыспен қатынаста қатал әрі әлемнің ең ықпалды 100 адамының бірі болған – Иран президентінің өмірбаяны

20.05.2024, 09:46
АР

2024 жылдың 19 мамырында Иран президенті ИбраҺим Раиси болған тікұшақ Иран-Әзірбайжан шекарасына жақын Верзеган қаласында апатқа ұшырады. Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамы, ізінше әлемдегі барлық БАҚ тікұшақта болған жолаушылардың бәрі, оның ішінде Иран президенті мен елдің сыртқы істер министрі де көз жұмғанын хабарлайды. Ulysmedia.kz тілшісі оқырман назарына Ибраһим Раисидің өмірбаянынан қысқаша шолу ұсынады.

Ибраһим Раиси 1960 жылы 14 желтоқсанда Мешхедте (Иранның солтүстік-шығысындағы шииттердің ізбасарлары үшін қасиетті қала) діни отбасында дүниеге келген. Мұхаммед пайғамбардың ұрпақтарына жататын сейіттердің құрметті титулына ие болған.

1975 жылы Кум қаласындағы семинарияға (шииттерге арналған әлемдік білім беру діни орталығы) түседі. Оны аяқтағаннан кейін Тегерандағы Шахида Мотахари университетінде халықаралық жеке құқық мамандығын оқыған. Кейіннен осы оқу орнында заң ғылымдарының докторы және ислам құқығы дәрежесін алған. Студент болған жылдары ол монархияны құлату идеясын қолдап, 1978-1979 жылдардағы Ислам революциясына (Ирандағы монархияның жойылуына және Иран Ислам Республикасының жариялануына әкелген оқиғалар – ИИР) қатысқан.

Мемлекеттік қызметтегі мансабы 

1980 жылы Ибраһим Раиси Кередж қаласындағы (Тегеран маңы) сот кеңсесінде қызметке кірісіп, біраз уақыттан кейін осы қаланың прокуроры болды. 1982-1984 жылдары елдің солтүстік-батысындағы Хамадан қаласының прокурорлығына барды. 1985 жылы Тегеран прокурорының орынбасары болып тағайындалды. 1988 жылы ИИР-дің Жоғарғы басшысы Рухолла Хомейнидің шешімімен Раиси Керманшах, Семнан, Лурестан провинцияларындағы діни-құқықтық мәселелерді шешуде арнайы өкілеттіктерге ие болды. 1989 жылы ол Тегеранның прокуроры қызметіне келіп, 1994 жылға дейін осы қызметіне келді. Содан кейін 10 жыл Иранның бас инспекциясын басқарды (атқарушы органдардың қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асырады).

2004 жылдан 2014 жылға дейін Раиси Жоғарғы сот төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Құзырлы органның ұйымдастыру және басқару мәселелеріне жауап берді. 2014-2016 жылдары Иранның бас прокуроры қызметіне тағайындалды. 2016 жылы елдегі ең ірі "Astan-e Quds Razavi" мұсылман діни қорының басшысы қызметін атқарды.

2019 жылы Раиси елдің Жоғарғы сотын басқарды. Сот жүйесінің басшысы ретінде ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды науқанды бастап, әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша заң жобаларын әзірлеуге бастамашы болды. 

Раиси сайлауда

Ибраһим Раиси алғаш рет 2017 жылы президенттікке үміткер болды, бірақ екінші мерзімге қайта сайланған Хасан Роуханиден жеңіліп қалды (Раиси 38%, Роухани 57%). 2021 жылғы 18 маусымдағы сайлауда ол 60% - дан астам дауыспен жеңіске жетті (екінші орында Мохсен Резай - 11,5%). Бірақ сайлауға қатысқандардың үлесі 48,8% құрап, бұл Иранның қазіргі тарихында рекордтық ең төменгі көрсеткіш ретінде қалды. Сол жылы 5 тамызда қызметіне кірісті.

Раиси ультра консервативті саяси қанатқа жататын. Ол Батыс елдерімен қатаң қарым-қатынасты ұстанды, десе де Иранның ядролық келісімін қалпына келтіруге қарсы болмады. Раиси өзінің сайлау бағдарламасында кедейлік деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сияқты мәселелерге назар аударды, төрт жыл ішінде мұқтаждарға төрт миллион жаңа үй салуға уәде берді.

Жеке мәліметтер

Ибрагим Раиси үйленген. Оның әйелі Жәмилә Аламолхода - философия ғылымдарының докторы, жазушы (оның әкесі - белгілі дін қызметкері Ахмад Аламолхода). Олардың екі қызы бар.

Раиси Мешхедтегі Реза имамның (шииттердің киелі орыны) қабірінің қамқоршысы болған.

ИИР жетекшісі және рухани жетекшісі аятолла Али Хаменеидің серіктесі. Иран күш құрылымдарында, атап айтқанда Ислам революциясының қамқоршылар корпусында зор беделге ие болды.

2019 жылдың қарашасында ол АҚШ пен Еуропалық Одақтың адам құқықтарын бұзғаны үшін санкциялар тізіміне ілікті.

Америкалық Time журналы 2021 жылы Раисиді әлемдегі ең ықпалды 100 адамның тізіміне енгізді.

Серіктес жаңалықтары