×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«3 мың теңге үшін»: Жетісулық мұғалім ақша бермегені үшін қысымға ұшырағанын мәлімдеді

20.05.2024, 20:45
«3 мың теңге үшін»: Жетісулық мұғалім ақша бермегені үшін қысымға ұшырағанын мәлімдеді
Әлеуметтік желіден

Жетісу облысында алғашқы әскери дайындық пәнінің  мұғалімі мектеп басшылығынан бопсалау мен қысым көргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Педагог өзінің әлеуметтік желілердегі бейне үндеуін Оқу-ағарту министріне жолдады. Үндеуде мектептегі ақша жинау “дәстүрі” туралы айтқан. Оның айтуынша, Алакөл ауданы Қабанбай ауылында орналасқан мектепте  директордың басқа оқу орнына ауысуына байланысты ақша жиналған. 

"Директордың ауысуына байланысты 70-тен астам қызметкерден тұратын біздің ұжымнан сыйлық ретінде әрқайсысынан 3000 теңге жинауды талап етті. Енді мен ақша бермегендіктен, маған және басқа мұғалімдерге жаңа басшылық тарапынан мені өз еркіммен жұмыстан кетіру үшін үлкен қысым жасалып жатыр", - деді алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі. 

Шағымға Жетісу облыстық білім басқармасы жауап берді. Ведомство ешкім де мұғалімді жұмыстан шығармайтынын, ол сол ұжымда қызметін жалғастыра беретінін мәлімдеді.  

"Жұмабаев атындағы орта мектеп ұжымымен алғашқы жиналыс өткізілгеннен кейін 3000 теңге көлемінде ақшалай қаражат жинау фактісі расталмады. Алайда ақпарат тиісті органдарға жіберілді. Мектептің жаңа басшысы-2024 жылдың ақпан айында қызметке тағайындалған кадр резервінің түлегі. Қазіргі уақытта Жетісу облысының білім басқармасының бұйрығымен осы мектептегі жағдайды зерделеу бойынша жұмыс істейтін мобильді топ құрылды. Педагогтың шағымдары мұқият тексерілетін болады", - деп хабарлады облыстық білім басқармасы. 

Ведомство мектептегі жағдайды басқарма басшылығы ерекше бақылауға алғанына сендірді.