×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Су тасқыны: Жайық көтеріліп барады

20.05.2024, 22:35
Су тасқыны: Жайық көтеріліп барады
Коллаж Ulysmedia

Жайық суының деңгей 575 см-ге жетті. Шекті меже 550 см болатын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жайық өзенінің суы әлі де болса көтеріліп жатырғанын Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб хабарлады.  

Қазіргі таңда Жайық жағалауында орналасқан елді-мекендердегі су деңгейі мынадай:   

  • Махамбет ауылы +3 см, су деңгейі - 1018 см,шекті деңгейі – 850 см; 
  • Атырау қаласы +2 см, су деңгейі-575 см, шекті деңгейі-550 см; 
  • Жаңаталап ауылы +1 см, су деңгейі-417 см, шекті деңгейі-500 см; 
  • Еркінқала ауылы +1 см, су деңгейі-375 см, шекті деңгейі-450 см; 
  • Индербор ауылы -2 см, су деңгейі-1014 см, шекті деңгейі – 845 см. 

Атырауда Соколок каналы бойынша тәулік бойы кезекші адамдар бар. Жаңбырдан кейін олар жағаларды нығайтып жатыр. 

Жедел штаб Соколок каналының ұзындығы 32 км деп хабарлады.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Ал, су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірлердің бірі Құлсары халқы бірнеше рет наразылыққа шыққанын хабарлаған едік. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан алаңға жиналған бір топ азаматты көруге болады. Бейнежазбадан олардың өте көп екендігі байқалады. Бұлар өз талабын айтып шыққан азаматтар. Олардың барлығының баспаналары су тасқыны кезінде жарамсыз болып қалған. 

“Біз сауатсыз емеспіз. Қанағат қылып 400 мыңнан есептеп отырмыз. Соның ісіне сарайы да, қорасы да кіреді,” - деп өз талаптарын жеткізді.  

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құлсары тұрғындарына барып, су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу тәртібін түсіндірді.