×
477.03
521.44
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.03
521.44
5.43

Сақ болыңыз: Жыл басынан бері 11 адам суға батып кеткен

21.05.2024, 21:00
Әлеуметтік желіден

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеп, азаматтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Санаулы күндерден соң жаз шығады. Бұл дегеніңіз шомылу маусымы қызады деген сөз.  

Төтенше жағдайлар министрлігі осы ретте су айдындарына қатысты соңғы сандарды бөлісті. 

Жыл басынан бері 828 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

Ал, қаңтар айынан бері Қазақстанның су айдындарынан 35 адам, оның ішінде 5 бала құтқарылған.  

Бірақ, судағы барлық сәт бұлай қуанышты аяқтала бермейді. 

Жыл басынан бері қауіпсіздік қағидаларын сақтамау салдарынан 11 адам суға батып қайтыс болған. 

Сондай-ақ соңғы бес айда ТЖМ қызметкерлері бассейндерде 9 мыңнан астам баланы жүзуге үйреткен. 

Оқыс оқиғалардың негізгі себептері - жабдықталмаған жерлерде шомылу және балаларды қараусыз қалдыру.

Серіктес жаңалықтары