×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Ұлы мен қызын өлтірген ана: Түркістанда осындай күдікке ілінген әйелдің соты өтті

21.05.2024, 23:25
Видеодан скриншот

Түркістанда 3 жасар қызы мен 4 жасар ұлын өлтірді деген күдікке ілінген қызылордалық келіншекке қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 24KZ телеарнасына сілтеме жасап. 

Мұғалім болып жұмыс істеген
 
Сотталушы 30 жастағы Бота Хамитова биыл ақпан айында Шымкент қаласындағы қонақ үйде ұсталған еді. Ол Қызылода облысы, Шиелі ауданында бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. 

“Түнгі сағат он бірлер шамасында ойын сауық орталығына балаларын апарған әйел, бірер сағаттан соң сол маңдағы жалдамалы пәтерге келеді. Алдымен балаларын ұйықтатып, кейін қызын және ұлын кезекпен дәлізге шығарып, тұншықтырған. Сөйтіп, түнгі бірде балаларды өлтіріп, өзіне де қол салмақ болады. Алайда, ойынан айнып, таңертең Шымкентке шығып кетеді”, – делінген сот актісінде.  

Айыпталушы қылмысты күйеуі көңіл бөлмегесін, жоспарлап жасағанын айтқан екен.

Ал, оның адвокаты есі дұрыс адам балаларын өлтірмейді деп психиатриялық сараптама тағайындауды сұрады. 

Серіктес жаңалықтары