×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жаңаөзенде бухгалтер екі балабақшадан 30 млн теңге жымқырған

22.05.2024, 17:56
Жаңаөзенде бухгалтер екі балабақшадан 30 млн теңге жымқырған
Фото: news.myseldon.com

Жаңаөзен қаласында прокуратура екі бірдей мемлекеттік балабақшаның бюджетінен қаражат ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тексерулердің нәтижесінде бір бухгалтер екі балабақшадан қаражат жымқырғаны белгілі болды. Ол өзінің жеке шотына жалпы сомасы 30 миллион теңгені заңсыз аударған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, бухгалтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен, оған шартты түрде 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген хабарламада.

Ал, 30 миллион теңге көлеміндегі қаражат мемлекетке толық көлемде қайтарылды.