×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Әнші Фарема Қазақпаева боқтық сөздер айтқаны үшін қамауға алынды

Әнші Фарема Қазақпаева боқтық сөздер айтқаны үшін қамауға алынды
Фото: instagram.com/farema_kazakpayeva

Қазақстандық әнші, актриса Фарема Қазақпаева ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 7 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  

Не болды

Алматының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, әнші 6 мамырда Instagram желісіндегі ұятсыз, боғауыз сөздер айтқан видеосын жариялаған.

Осылайша, ол айналасындағыларды құрметтемей, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот үкімі

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігінде ұсақ бұзақылық жасаған қазақстандықтарға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынуы тиіс. Немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады.

Сот Фарема Қазақпаеваны кінәлі деп шешіп, оған 7 тәулік қамауға алу түрінде жаза тағайындады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ, – делінген хабарламада. 

Фарема Казакпаева «Сaffeine» қыздар тобының құрамында өнер көрсетіп, «За три дня до нового года» фильміне түскен.

Еске салсақ, бұған дейін сот екі жыл бұрын әлеуметтік желіде ұлтаралық алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған Мұрат Әбділданың өтінішін қанағаттандырмаған болатын.