×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Су тасқыны: Құлсарының 357 тұрғыны өтемақы алу үшін келісімшартқа қол қойды

22.05.2024, 19:21
Су тасқыны: Құлсарының 357 тұрғыны өтемақы алу үшін келісімшартқа қол қойды
Фото: Видеодан кадр

Құлсары қаласындағы тасқын судан зардап шеккен 357 тұрғын өтемақы алу үшін келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz облыстық жедел штабқа сілтеме жасап.

109 тұрғынның жеке шотына ақша аударылды

Құлсары қаласында мобильді топтар бір тәулікте тұрғындарға 300-ге жуық бағалау парағын таратқан.

Бүгінге дейін жұмыс комиссиясы 1 200 нысанды бағалау қорытындысын дайындады. Үйі суға кеткен 357 тұрғын өтемақы алу туралы келісімге қол қойды. Ал 109 тұрғынның жеке шотына өтемақы қаражаты аударылды, - деп хабарлады жедел штабтан. 

Құлсарылықтардың қуанышы

Құлсары қаласының тұрғыны бағалау компаниясы есептеп, ұсынған қаражат оның есебімен сәйкес келгенін айтты. 

Менің үйім апатты деп танылды. Енді сол үйді бұзамыз. Тасқын су кірген үйімнің құны әділ бағаланды. Мемлекеттен түсетін өтемақы шығынымды толығымен жабады. Ақшалай өтемақыға жаңа үй сатып аламын немесе жаңа үй салуым мүмкін. Қазір бұл мәселені отбасымызбен ақылдасып отырмыз, - деді Нұршат Әуелбай.

Тағы бір тұрғын Күнзира Тәжіғұлова ақшалай өтемақыға жаңа тұрғын үй сатып алуды көздеп отыр. 

Үйіме кірген су екі метр деңгейінде сақталып тұрды. Соның салдарынан апатты деп танылған үйімді алаңсыз бұзуға болады. Оның орнына жаңа тұрғын үй сатып аламыз, - деді Күнзира Тәжігұлова.

Жедел штаб не дейді

Су тасқынынан бүлінген мүлікті бағалау жұмысын осы аптаның соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. 

Қазір Құлсары қаласында бағалау нәтижесін таныстыруға 20 мобильді топ жұмылды. Олар күшейтілген режимде жұмыс істейді. Мобильді топтардың жұмысы барлық бағалау жұмысы толық аяқталғанға дейін күн сайын демалыссыз жүргізіледі. Тұрғындарға №20 мектепте апатты деп танылған үй иелері мен су тасқынынан зардап шеккендерге ақшалай өтемақы төлеуге қатысты ақпарат беріліп отыр. Ал, мәдениет үйінде өтемақы алу үшін келісімшартқа қол қойылады, - деп мәлім етті облыстық жедел штабтан. 

 

Құлсарыдағы наразылық

Су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірлердің бірі Құлсары халқы бірнеше күн бұрын наразылыққа шыққан.

Біз сауатсыз емеспіз. Қанағат қылып 400 мыңнан есептеп отырмыз. Соның ісіне сарайы да, қорасы да кіреді, - деп өз талаптарын жеткізді.  

Құлсарылықтар өздерінің орта есебімен кететін шығынды шаршы метріне 400 мың теңге деп бағалаған.