×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақтауға қона алмаған FlyArystan ұшағы Атырауға қонуға мәжбүр болды

23.05.2024, 00:30
Ақтауға қона алмаған FlyArystan ұшағы Атырауға қонуға мәжбүр болды
Ашық дереккөзден

FlyArystan компаниясының 7606  Кутаисиден Ақтауға ұшқан әуерейсі Қазақстан әуежайына қону кезінде қиындыққа тап болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz порталына сілтеме жасап.  

Қатты желдің салдары 

Қатты желдің салдарынан ұшақ белгіленген уақытта Ақтау әуежайына қона алмаған.  

Нәтижесінде лайнер Атырау қаласының әуежайына қонуға мәжбүр болды. 

Ақтау әуежайының сайтындағы онлайн-таблоға сәйкес, Кутаисиден рейс Ақтауға 23 мамырда таңғы 7:20-да келеді деп күтілуде. 

Сондай - ақ, Алматы мен Атыраудан тағы екі рейс кешіктірілгені атап өтілді. 

Бұған дейін

FlyArystan әуекомпаниясының Қостанай - Алматы бағытындағы  КС7141 рейсінде жолаушылардың бірі көкке көтерілген соң өзін нашар сезінгенін жазған едік.  

Борт шұғыл Астанаға қонуға мәжбүр болған. 

Стюардессалар жолаушының тамыр соғысы мен тыныс алуын тексергенде тіршілік белгісін байқамаған. Экипаж мүшелері шұғыл түрде алғақшы көмек көрсетуге кіріскен. Содан кейін стюардессалар дәрігермен бірге дефибрилляторды қолдана отырып, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізген. 

"Командирдің шешімі бойынша ұшақ жолаушыға медициналық көмек көрсету үшін Астана қаласының әуежайына шұғыл қонды. Әуе компаниясының стюардессалары әуежайға келгенге дейін жүрек-өкпе реанимациясын жалғастырды. Өкінішке қарай, Астана әуежайының дәрігері жолаушының қайтыс болғанын растады," - деп хабарлады авиакомпания.

Авиакомпания жолаушының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.