×
474.83
515.38
5.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.83
515.38
5.5

Саяси белсенді деп ешкімді ұстап жатқан жоқпыз – ІІМ басшысының орынбасары

23.05.2024, 16:45
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев белсенді Айдар Сыздықовтың ұсталуы жөнінде журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сыздықовтың ұсталуы

Астанада белсенді Айдар Сыздықовтың ұсталғаны хабарланған. Белсендінің әйелі Айгүл Тоқпаеваның айтуынша, күйеуі заңсыз қудаланып жатыр.Кейінірек Сыздықовтың екі айға қамауға алынғаны белгілі болды. Оған "есірткі сатты" деген айып тағылған. Адвокат Мейіржан Досқараевтың айтуынша, құқық қорғаушыны тұтқындауға байланысты құжатта Сыздықов "есірткі сатқан" деген түрлі мекен-жайлар көрсетілген, деп жазады Азаттық радиосы. 

ІІМ не дейді

Мәжіліс кулуарында журналистер Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтан осы істің мән-жайын сұраған.

– Біз тергеу шараларын жүргізіп жатырмыз. Дәлелсіз ешкім ешкімді ұстамайды. Сол себепті, белсенді дедіңіз, сотқа барады, сотта қандай дәлел болды?.. Қазір мен ол жайлы пікір білдіре алмаймын. Не үшін? Қанша? Негізі бар. Саяси белсенді деп ешкімді ұстап жатқан жоқпыз. Тек өздерінің қылықтары үшін жауапқа тартылып жатыр. Ешқандай саяси жұмыстары үшін олар қамалып жатқан жоқ. Олар нашақорлықпен қатысқан (...) Асығыспын, – деп лифтке кіріп кетті Марат Қожаев.

Қазақстандық құқық қорғаушылар журналисті «саяси тұтқындар» тізіміне енгізген журналист Думан Мұхаммедкәрімнің кеше Қонаевта соты өткен.

Human Rights Watch халықаралық ұйымы журналист Думан Мұхамедкәрімге қарсы істі тоқтатуға шақырған еді.

Серіктес жаңалықтары