×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Путин Лукашенкоға бірлескен ядролық соққы беруді ұсынды

24.05.2024, 12:51
Фото: theins.ru

Ресей президенті Владимир Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкоға тактикалық ядролық соққы беру үшін бірлескен жаттығулар өткізуді ұсынбақ. Бұл туралы ол 23 мамыр күні кешке Минскіге барғанада айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz The Moscow Tilmes басылымына сілтеме жасап.

[Ядролық] жаттығулардың екінші кезеңі туралы сөйлесейік. Бұл біздің белорус достарымыздың, әскери саладағы әріптестеріміздің осы іс-шараларға тікелей қатысуының арқасында, - деді Путин (ТАСС).

Сонымен бірге ол Лукашенконың «қауіпсіздік мәселелеріне» «зор көңіл бөлетінін» қосты.

2023 жылы Ресей Беларуське тактикалық ядролық қару берді. Ол Украинамен шекарадан 200 шақырымдай жерде орналасқан Осиповичи қаласында болды, – деп жазды The New York Times.

Беларусь әскері Мәскеу Минскіге 2022 жылы жеткізген «Искандер» зымырандарын пайдаланып, ядролық оқтұмсықтарды ұшыруы мүмкін. Тактикалық оқтұмсықтар 300 км-ге дейін жетеді. Мұндай зымыран Балтық жағалауы елдеріндегі, Польша мен Украинадағы нысаналарды ата алады.

Мамыр айының басында Ресей Бас штабы Путиннің тапсырмасы бойынша Оңтүстік әскери округінің зымыран құрамалары мен теңіз күштерімен, оның ішінде стратегиялық емес ядролық қаруды қолданумен жаттығуларға дайындықты бастады. Жаттығулар 21 мамырда басталды. Кремль тактикалық ядролық соққы беруге Батыстың Украинаға әскер жіберу мүмкіндігі туралы мәлімдемесі себеп болғанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары