×
$
453.93
€
508.72
₽
5.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
453.93
€
508.72
₽
5.35

«Соғыс балалық шағымызды ұрлады»: Украинадан арнайы репортаж

Бүгін, 08:30

Қауіп-қатерге, жолдың ауырлығына қарамай Ұлыстың түсірілім тобы соғыс ошағына айналған жерлерді өз көзімен көріп қайтты.

Бір жарым сағатқа жинақталған арнайы репортажда Киев, Буча, Ирпень қалаларын аралап, халықпен тілдесеміз. "Украин халқын соғыс неге үйретті?", "Ел келешегін тұрғындар қалай көреді?", "Ресей пропагандасы несімен қауіпті?", "Бір күнмен өмір сүру деген не?" деген сауалдарға жауап беріледі.  

Президент Зеленскийдің қатысуымен өткен Украинаның тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын көрсетіледі.

АҚШ-тан арнайы келген сенатор Ричард Блументал және АҚШ-тың Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлогпен сұхбаттасамыз.

Соғыстан мүгедек болып оралған ардагерлердің, баласы майдан даласында қаза болған аналардың, әкесін, ағасын зарыға күтіп отырған балалардың, панасыз қалған қарттардың әңгімесін тыңдаймыз. 

Сонымен қатар Киевте тұратын қазақ - Марат Дәрменовтің отбасында қонақ боламыз. Ұлы соғыста жүрген әке неге Қазақстанға келе алмайды? Кәсіпкер өмірі соңғы жылдары қалай өзгерді?

Репортаждың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube-арнасынан көріңіздер.