×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Шахтадағы апатқа орай жедел желі іске қосылды

07.11.2021, 12:59
Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысы ТЖ департаментінде шахтада болған оқиғаға байланысты жедел желі іске қосылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме бере отырып. 

Қарағанды облысы ТЖ департаментінде шахтада болған апатқа байланысты жедел желі іске қосылды. Министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметінде мына нөмірлер көрсетілген:

8 (7212) 51-11-10, 8 (7212) 51-72-23.

Соңғы мәліметтер бойынша, шахтада барлығы 64 жұмысшы болған. 56 адам бірден өзін-өзі эвакуациялады. Апатта қалған 8 қызметкердің 6-ауы қайтыс болып, 2-еуі жарақат алды. 

Қайтыс болған жұмысшылар:
1. Шмидт Виталий Владиславович, 1979 ж.т., үңгуші.
2. Скитченко Николай Николаевич, 1968 ж.т., техника қауіпсіздігі бойынша желдетудің тау-кен шебері.
4. Супрунов Алексей Анатольевич, 1987 ж.т, учаске бастығының көмекшісі.
5. Краус Сергей Юрьевич, 1983 г.р., тау-кен қазу машиналарының машинисі.
6. Корниенко Сергей Анатольевич, 1971 г.р., тау-кен қазу машиналарының машинисі.

Жарақат алған жұмысшылар:
1. Маралбаев Женис Мерекеевич, 1963 ж.т., үңгуші.
2. Зейналов Элайдар Абезоглы, 1960 ж.т., үңгуші.
Жарақат алған екі жұмысшы Қарағанды қаласындағы Мақажанов атындағы жалпы медициналық орталыққа жеткізілді, жағдайлары ауыр. 

Сағат 12.37-де ТЖ-ны жоюға жұмылдырылған "КӘАҚҚ республикалық орталық штабы" ЖШС ҚФ, ТЖД мен апаттар медицинасы орталығы филиалы қызметкерлері қайтыс болғандарды шахтадан шығарып алды. Қазақстанның ТЖМ кәсіпорындарды жұмысты қауіпсіз жүргізу қағидаларын сақтауға шақырады. 

Серіктес жаңалықтары