×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Қазақстанда «Сергек» монополиясына қарсы петиция жазылды

24.05.2024, 20:15
Коллаж Ulysmedia

Петиция авторының сөзінше қазақстандықтардың "Сергекке" айтар шағымы көп, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Петиция

"Сергектегі" монополияны жоюды талап еткен петиция пайда болды. Авторы Тұрарбек Құсайынов есімді қазақстандық. Құжат Қазақстанның монополияға қарсы комитетіне жолданды. 

"Еліміздің жолдарында "Сергек"жүйесінің бейнекамералары жұмыс істейтіні белгілі. Бұл жүйеге қазақстандықтардың көптеген талаптары бар, соның ішінде негізсіз айыппұлдар. Алайда, МЖӘ (Мемлекеттік-жекешелік әріптестік) жобасы болып табылатын осы жүйе қызметінің заңдылығы маңызды тақырып.  Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: "Бүгінде МЖӘ - нің көптеген жобалары жосықсыз кәсіпкерлер мен шенеуніктер үшін "қорекке" айналды", - деп жазды петиция авторы. 

“Сергек” кімге тиесілі?

Құсайынов петицияда "Сергек" жобасы 2017 жылы Астана қаласының экс-әкімі Әсет Исекешевтің бастамасымен іске қосылғанын еске салды. Іске асыру үшін үш заңды тұлға таңдалды: "Көркем Телеком" ЖШС, "Open Technologies Group" ЖШС, "The The Capital" ЖШС. 

"Бір қызығы, алғашқы екі компания бір адамға-Әсет Ахметовке тиесілі және бір мекенжай бойынша тіркелген. Ал бұл ҚР заңнамасын бұзу болып табылады, оған сәйкес бір аффилиирленген тұлға жеке серіктесті таңдау бойынша конкурсқа қатыса алмайды", - делінген петицияда. 

 Сонымен қатар, петиция авторы БАҚ – та "Сергек" жобасының артында Тимур Құлыбаев пен Дариға Назарбаеваның ұлы-Алтай Құлыбаев тұрғанын да айтып өтті.  

"Неліктен миллиардтаған халықтың қаржысын олигархтарды тамақтандыруға емес, біздің жағдайымыз үшін нашар жолдарды жөндеуге жұмсамасқа? Неліктен біз жолдар мен инфрақұрылымның жағдайын жақсартуға емес, халыққа айыппұл салуға баса назар аударамыз? Осыған байланысты Қазақстанның монополияға қарсы органына "Сергек"жобасына қатысты тексеруге бастамашылық жасауды өтінемін. Жалпы мемлекетке "Сергек" жобасын өз бақылауына алуды өтінемін – ол монополистке тиесілі болмауы керек! Қазақстан халқының тағдырына бей-жай қарамайтындардың барлығынан осы петицияға қол қоюын сұраймын!"- деп жазады автор. 

Петиция 2024 жылдың 24 мамырында жарияланды. 

"Сергек" 

Бұл қаланың жолдары мен көшелеріндегі құқық бұзушылықтарды тіркейтін интеллектуалды бейнебақылау, талдау және болжау жүйесі. Бір немесе бірнеше камерадан тұрады. Қазақстан қалаларында орнатылған камералардың жалпы саны 30 000-ға жуық. 

Жалпы бейнебақылау камераларынан алынған суреттер қалалық ахуалдық орталықтарға жіберіледі, онда полиция қызметкерлері жағдайды бақылап, қажет болған жағдайда шаралар қабылдай алады. 

Серіктес жаңалықтары