Әкесі оны анасының рұқсатынсыз алып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқиға туралы Polisia.kz жазды.
Ана мен бала бір-бірінен қалай ажырап қалды?
Бүлдіршінді анасының бұрынғы жұбайы Түркияға Өзбекстан арқылы алып кеткен. Ал, бұл жағдайдан баланың шешесі бейхабар болыпты. Одан кейін әйел полицияға жүгінген.
Анталиядан табылды
Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен және Анталиядағы қазақстандық консулдықпен бірлесіп, 3 жасар баланы елге қайтарды.
Қазіргі уақытта бала анасымен бірге Қазақстанда.
Бұған дейін
Бельгиялық қазақ баласы Жәнібек өзін асырап алған әйелдің қатты науқастанып жатырғанын айтқан еді.
Ол Арқалық полициясы анасын іздеп жатқанын жеткізді.
Құрметті қазақстандық әкелер, аналар, ағалар мен әпкелер, замандастар!
Хал-жағдайларыңыз қалай? Жақсы деп ойлаймын, өйткені сіздер туған елдеріңізде өмір сүріп жатырсыздар. Туған анамды іздегеніме 6 айға жуық уақыт өтсе де, анамдай болып кеткен Қымбат апайым мен әпкемдей болған Әсел, Арқалық полициясы іздеуді тоқтатқан емес. ДНҚ зерттеулері үздіксіз тапсырылып, тексеріліп жатыр, Осындай маңызды жұмыс жүргізіп жатқан барша жанашырларыма алғыс айтамын, – дейді Жәнібек.
Оның айтуыншае, өзін асырап алған анасы қатты қиналып жатыр.