×
524.58
551.91
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.58
551.91
4.93

Пашинян мінген тікұшақ жоспарсыз шұғыл қонды

25.05.2024, 12:30
Пашинян мінген тікұшақ жоспарсыз шұғыл қонды
Ашық дереккөзден

Армения премьер-министрі Никол Пашинян мінген тікұшақ жоспарсыз, шұғыл қонды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ауа-райы себеп

Армения Премьер-Министрі оның тікұшағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты Ванадзорға қонғанын хабарлады.

Саясаткер өзінің жағдайы жақсы деп сендірді.

Бұған дейін

Никол Пашинян ҰҚШҰ мүше екі мемлекетті Арменияға қарсы соғысқа дайындалды деп айыптаған еді. Бірақ, нақты қай елдерді меңзегенін ашып айтпады. 

"2020 жылғы 44 күндік соғысқа дайындыққа біздің одақтастарымыз қатысқан жоқ. Мен бізге қарсы соғыс дайындауға қатысқан ҰҚШҰ-ның кем дегенде екі елін білемін", - деді Пашинян Парламенттегі Үкімет сағатында. 

Саясаткердің айтуынша, бұл екі ел Арменияның көмек көрсеткен сыңай ғана танытқан. Пашинянның сөзінше Ереванды тәуелсіздігінен айыруға талпынған мұндай әрекеттер 2020 жылдан кейін де болған.  

Армения 2023 жылы ҰҚШҰ-ның бірнеше іс-шарасына, соның ішінде екі оқу-жаттығуға және қарашада Минскіде өткен ұйым саммитіне қатысқан жоқ.

2024 жылдың ақпанында Армения билігі республиканың ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтатқанын хабарлады.

ҰҚШҰ

2002 жылы құрылған ұйымға Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.

Биыл Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалық етуші ел болды. 10 қаңтарда ұйымның тұрақты кеңесін Марат Сыздықов басқарды. Ұйым 2024 жылға дейін ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда жеті бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізуді жоспарлаған.