×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстан бүгіннен бастап ҰҚШҰ төрағасы болды

01.01.2024, 08:20
Фото: Ашық дереккөзден

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының төрағасы болды, деп жазады Ulysmedia.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұйымға төрағалығы кезінде нақты қандай бағыттарға басымдық беретінін 23 қарашада ҰҚШҰ кеңесінің отырысында айқан еді. Олар:

  • әскери кадрларды даярлаудағы ынтымақтастықты жалғастыру;
  • ҰҚШҰ-ның бітімгершілік әлеуетін ашу;
  • халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастықты дамыту;
  • есірткі трафигімен және психотроптық заттармен, оның ішінде синтетикалық заттармен күрес;
  • қару-жарақтың заңсыз айналымына және ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа қарсы күрес;
  • ТЖ салдарының алдын алу және жою мәселесі бойынша ынтымақтастықты тереңдету;
  • ақпарат технологиялары саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл.

Сондай-ақ, Қазақстан президенті ҰҚШҰ ұжымдық күштерін жедел өрістету мәселелері бойынша, атап айтқанда, әскери контингенттердің кедергісіз және тоқтаусыз транзиті жөнінде нормативтік-құқықтық базаны пысықтауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары