×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Ресей Харьковтағы сауда орталығына соққы жасады

26.05.2024, 09:57
Ресей Харьковтағы сауда орталығына соққы жасады

Ресей әскері Харьковтағы "Эпицентр" құрылыс гипермаркетіне соққы жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Харьков облыстық әкімшілігінің төрағасы Олег Синегубов әлеуметтік желілерде Харьковтың күні бойы жаппай зымыранмен атылғанын хабарлады. Сауда орталығына жасалған соққыдан 11 адамды өлген, бір балаға ота жасалған.

"40 адам жарақат алды. 16 адам хабар-ошарсыз кетті. Сол жерде соққы салдарын жою үшін штаб ашылды. Мобильді ДНҚ зертханасы жұмыс істейді.

39 адам ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі ауыр жағдайда, біреуі реанимацияда. 13 жасар балаға ота жасалды. Қалғандары амбулаториялық емделуде", - деді шенеунік зардап шеккендердің жағдайы туралы.

Харьков қаласының басшысы Игорь Терехов Ресей армиясының әрекеттерін терроризм актісі деп атады.

"Бізде хабар-ошарсыз кеткендердің саны көп. Көп жаралы бар. Шамасы, шабуыл адам көп жиналатын сауда орталығына әдейі жасалған. Бұл анық терроризм", - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, 24 мамырда Украина президенті Владимир Зеленский Харьковтағы Ресей әскерлері бомбалаған баспахана үйіндісінде Орталық Азиядан келген журналистерге арнап брифинг өткізген.