×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Жағдайы ауыр – дәрігерлер Астанада пышақталған оқушы қыз жайлы

26.05.2024, 16:49
Жағдайы ауыр – дәрігерлер Астанада пышақталған оқушы қыз жайлы
Фото: Ашық дереккөзден

Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Назарбаев мектебінде оқитын, пышақталған оқушы қыздың жағдайы жайлы ақпарат берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– 26 мамыр күні жедел жәрдем қызметі №2 қалалық көпбейінді ауруханаға іштің алдыңғы қабырғасынан бірнеше рет жарақаттанумен 2006 жылғы қызды жеткізді. Жәбірленушіге іш қуысы аймағында операция жасалды. Жағдайы ауыр, тұрақты, – делінген Ulysmedia.kz порталына берілген жауапта.

Еске сала кетсек, Астанада Назарбаев мектебінде оқитын оқушы қызды пышақтап кеткен еді. Күдікті ретінде кәмелетке толмаған бозбала ұсталған.