×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Армениядағы митинг: наразылар Пашинянның отставкасын талап етеді

27.05.2024, 08:52
Армениядағы митинг: наразылар Пашинянның отставкасын талап етеді
antikor.com.ua

Ереванда мыңдаған адам Әзербайжанмен шекараны делимитациялауға наразылық білдіріп, премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Наразылардың жетекшісі армян апостолдық шіркеуінің Тавуш епархиясының басшысы, архиепископ Баграт Галстанян болды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, премьер-министрдің кандидатурасын парламенттік фракциялар ұсынады, содан кейін депутаттар оған дауыс береді. Ең көп дауыс жинаған үміткер жеңеді.

Республика алаңында өткен митингке "Отан үшін Тавуш" қозғалысының жақтастары жиналған. Оппозиция өкілдері қазіргі премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін және Әзербайжанмен шекараны делимитациялау процесін тоқтатуды талап етеді. Премьер-министрге үміткер Галстанян католик Гарегин II-ге оны қызметінен босату туралы өтініш білдірген болатын.