×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Алматыдан 291 шақырым жерде жер сілкінді

27.05.2024, 09:34
Фото: istockphoto.com

Жерасты дүмпулері 27 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 03:19-да тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми оталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі мамандары мәлім етті.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 291 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6. MPV магнитудасы - 4,1, - делінген хабарламада.

Алматыдағы жер сілкінісі

Еске салсақ, Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 40-тан астам адам жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты. 

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді.

Жер сілкінісінен кейін мектептер мен ауруханалардың қабырғасынан жарықшақтар анықталған.

Құтқарушылар жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды. Олар не дейді:

  • Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;
  • Жер сілкінген кезде лифтті пайдаланбаңыз;
  • Жиһаздардан, терезелерден, люстралардан алыс жүріңіз;
  • Сенімді, берік орын табыңыз: егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз;
  • Үй-жайдан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – дүмпу тоқтағаннан кейін);
  • Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
  • Алдын ала дайындалған шұғыл сөмкені алыңыз;
  • Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
  • Балаларға, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсетіңіз.
Серіктес жаңалықтары