×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Түрмеден шыққан педофилдерге электронды білезік тағылады

08.11.2021, 10:11
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы мәжілісте өтіп жатқан үкіметтік сағатта ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Министрдің айтуынша, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап шектеу шараларын бұзатын адамдарға қатысты электронды білезіктерді салынады. Бірінші кезекте олар қадағалаудағы педофилдерге қатысты қолданылатын болады. Бұл есепке алынғандарға қашықтан бақылауды қамтамасыз етуге және белгіленген талаптардың бұзылуына жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

«Жасөспірімдердің зорлануы, оларға қарсы сексуалдық қылмыстардың алдын алу мәселесі өте маңызды. 2019 жылы осы қылмыстардың алдын алу үшін заңнамаға тиісті өзгерістер енгізіліп, 2020 жылы ол күшіне енгізілді. Бұл баппен сотталғандар мерзімінен бұрын түрмеден босатылмайды, оларға рақымшылық жасалмайды. Педофилдердің бәрі түрмеден шыққаннан кейін арнайы есепке алынады. Бүгін біз айтқан электронды браслеттер ең бірінші кезекте соларға салынады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары