×
$
455
€
498.77
₽
5.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
455
€
498.77
₽
5.56

Жолаушылардың құқығын бұзатын ережелер: FlyArystan сотта жеңілді

Бүгін, 11:31
Жолаушылардың құқығын бұзатын ережелер: FlyArystan сотта жеңілді
Ашық дереккөз

Қазақстанда FlyArystan әуе компаниясы мен Сауда және интеграция министрлігі арасындағы дауда сот министрліктің пайдасына шешім шығарды. Тексеру барысында әуе компаниясының кейбір ережелері жолаушылардың құқығын бұзатыны анықталған. Атап айтқанда, билет ақшасын қайтару мен қосымша төлемдер алуға қатысты заңбұзушылықтар тіркелген. FlyArystan тексеру қорытындысымен келіспей, сотқа жүгінгенімен, сот министрліктің талабын қолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Даудың туындауына FlyArystan жолаушыларының бірінің шағымы себеп болған. Осыдан кейін Алматы қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Астанадағы әріптестерімен және тиісті комитет мамандарымен бірлесіп, әуе компаниясына жоспардан тыс тексеру жүргізген.

Нәтижесінде тасымалдаушының ішкі ережелеріндегі бірқатар талап Қазақстан заңнамасына қайшы келетіні анықталды.

Қандай заңбұзушылықтар анықталды?

Тексеру барысында әуе компаниясының бірнеше ережесі заң талаптарына сай келмейтіні белгілі болды.

Атап айтқанда, FlyArystan өзіне жолаушы тасымалдау шарттарын біржақты өзгерту құқығын берген. Сондай-ақ, жолаушылар алдындағы жауапкершілігін шектеп, кейбір қосымша төлемдерді заңсыз алып келген.

Бұдан бөлек, билетке төленген ақшаны қайтару тәртібіне де қатысты мәселелер анықталды.

Мамандар жолаушыларға ақпарат беру тәртібінен де заңбұзушылықтар тапқан. Сонымен қатар компания клиенттердің жазбаша шағым жолдау мүмкіндіктерін шектеген.

Тексеру қорытындысы бойынша FlyArystan-ға заңға қайшы келетін талаптарды қайта қарап, жолаушы тасымалдау ережелерін қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру міндеттелді.

FlyArystan сотқа жүгінді

Әуе компаниясы тексеру қорытындысымен келіспей, берілген нұсқаманың күшін жою үшін сотқа жүгінген.

Алайда 2026 жылғы 21 шілдеде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты FlyArystan-ның талабын қанағаттандырудан бас тартты.

Кейін компания бұл шешімге апелляциялық шағым түсіргенімен, жоғары тұрған сот та Сауда және интеграция министрлігінің ұстанымын қолдады.

Соттар тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарының тексеру жүргізуге және анықталған заңбұзушылықтарды жоюды талап етуге толық құқығы бар екенін растады.

Сауда және интеграция министрлігі әуе компанияларының заңда қарастырылған жолаушы құқықтарын шектейтін өз ережелерін енгізуіне болмайтынын атап өтті.

Бұл талаптар ұшу шарттарына, билет ақшасын қайтаруға, қосымша төлемдер алуға және жолаушылардың өтініштері мен шағымдарын қарау тәртібіне де қатысты.

Сізге қызық болуы мүмкін