×
482.86
533.17
5.08
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.86
533.17
5.08

Нан қымбаттай ма? Министрлік не дейді?

28.05.2024, 19:55
Нан қымбаттай ма? Министрлік не дейді?
Ашық дереккөзден

Бұл сұраққа ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  

Вице-министрдің сөзіне сүйенсек әлеуметтік нанның бағасы тұрақты күйінде қала бермек.   

"Бағалар құбылмалы. Егер екі жыл бұрын астықтың бағасы 180 мың теңгеге дейін болса, өткен жылы ол 120 мың теңгеден аспады. Жалпы, әлеуметтік нанның бағасын қараңыз. Астық бағасы 180 мың теңге болғанда нан бағасы 90-100 теңгеге аралығында болды. Қазір де сол баға.  Нанның бағасы әрқашан тұрақты. Әсер ету және реттеу шаралары бар. Біз қауіпсіздіктің 100 пайыз болуын қамтамасыз ете аламыз. Баға әрқашан шикізатқа байланысты", - деді Азат Сұлтанов 

Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ауғанстан астық импортын шектесе, Қазақстан не істейтіні туралы сұраққа жауап берді. 

"Серіктес елдің саясатына ешқандай әсер ете алмаймыз. Сондықтан біз терең өңделген өнімдерге - ұн өнімдері мен макаронға көшеміз. Біз астықты терең өңдеу бойынша үш жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Глютен, крахмал...АҚШ-қа дейін экспорттай аламыз және оны қазірдің өзінде жасап жатырмыз. Ынталандыру шаралары арқылы біз осындай өндірістерді дамыта аламыз. Теңізге шығу мүмкіндігі болмағандықтан астық түрінде емес, дайын өнім түрінде экспорттай аламыз", - деді Сұлтанов. 

Бұған дейін

“Тағы да қымбатшылық жайлы немесе Бектенов «бектерімен» бағаны шектеуден басқа не ұсына алады?” тақырыбында зерттеу материалын жариялаған едік. 

Азық-түліктің қымбаттауы жағынан Ұлттық статбюро мынадай деректерді келтіреді:

«Бағаның өсімі күріште 19,8%, минералды және ауыз суда 17,3%, жаңа піскен жеміс-жидек 16,8%, жұмыртқа 14,4%, салқын сусындар 13,7%, жеміс және көкөніс шырындары 12%, май 11,9%, балық 11,8%, жоғары сортты бидай наны 10%, пастерленген сүт 9,9% байқалды. Бағаның төмендеуі пиязға – 51,1%, күнбағыс майына – 24,9%, қарақұмық жармасына – 24,4%, картопқа – 10,1%, құмшекерге 5,3% байқалды».

Қымбатшылық ең қатты сезілген өңірлер Қарағанды (10,6%) мен Маңғыстау облысы (10,5%).