×
465.74
531.08
5.92
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
465.74
531.08
5.92

ҰҚК ректор Нұрлан Серғалиевтің ұсталуына қатысты түсінік берді

Бүгін, 12:16
ҰҚК ректор Нұрлан Серғалиевтің ұсталуына қатысты түсінік берді
wku.edu.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры Нұрлан Серғалиевке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Нұрлан Серғалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат 2026 жылғы 21 шілдеде тарады. Сол кезде Батыс Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі, заңгер Бауыржан Ахметжан ректордың қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген күдікке ілінгенін, ал тергеуді ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізіп жатқанын мәлімдеген еді.

Тергеу аясында жоғары оқу орны басшысының қызметтік кабинетінде тінту жүргізілген.

НҰРЛАН СЕРҒАЛИЕВ ЖАЙЛЫ

Нұрлан Серғалиев Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін 2018 жылдан бері басқарып келеді. Бұған дейін ол Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры қызметін атқарған.

Ол – биология ғылымдарының кандидаты, 150-ден астам ғылыми жарияланым мен бес патенттің авторы. Сонымен қатар Нұрлан Серғалиев облыстық мәслихаттың депутаты.